Махаббат пен адалдық, бақыт құшу мен кейіпкер өлімі – балеттік спектакльдің негізі.
Басты партияны «Астана Опера» театрының солисттері сомдайды.
Қарагөз рөлінде Әнел Рүстемова; Сырым партиясында Арман Оразов; Наршаны ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Тайыр Гатауов билейді; Мөржан – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Гауһар Усина.
Ғазиза Жұбанованың авангардтық музыкасы өзінше бір төбе. балетке музыкалық редакция жүргізген «Астана Опера» театрының музыкалық жетекшісі - Абзал Мұхитдинов. Дирижер – Арман Оразғалиев.