Бүгін «Астана Операда» «Жизель» балеті қойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Астана Операда» «Жизель» балеті қойылады

05.07.2015
Бүгін «Астана Операда» «Жизель» балеті қойылады

Бүгін Сан-Карло театры гастролінің аясында (Италия) «Астана Операда» Адольф Аданның «Жизель» балеті көрсетіледі.  

«Жизель» балетінің тұсаукесері - 1841 жылы 28 маусымда Париждің музыка және би академиясында өткен. Қойылым романтикалық балет кезеңінде дүниеге келіп, сол дәуірдің ең биік жетістігіне айналған.

Басты партияларда танымал кубалық бишілер, Норвегия ұлттық балет өнерінің премьерлері Йоэль Карреньо мен Иоланда Корреа өнер көрсетеді.

Аталған бишілердің репертуарында – «Аққу көлі», «Ұйқыдағы ару», «Дон Кихот»,  «Нәтижесіз сақтық» сынды классикалық балеттердің, сонымен қатар И. Килиан, У. Форсайт, П. Лайтфут және С. Леон сияқты заманауи хореографтар қойылымдарының басты партиялары бар.

 

ФОТО: balletfriends.ru

Хабарламаларға жазылу