«Астана кештері» фестивалі Дариға Назарбаеваның «Оперетта кеші» атты концертімен ашылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана кештері» фестивалі Дариға Назарбаеваның «Оперетта кеші» атты концертімен ашылмақ

04.06.2015
«Астана кештері» фестивалі Дариға Назарбаеваның «Оперетта кеші» атты концертімен ашылмақ

Бүгін, яғни, 4 маусым күні  сағат 19:00-де «Астана Опера» театрында «Астана кештері» IV халықаралық өнер фестивалі басталады. Фестиваль театрдың Үлкен залында Дариға Назарбаеваның «Оперетта кеші» атты концертімен ашылмақ.

Кешке сонымен қатар, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Сүндет Байғожин және Андрей Трегубенко, Башқұртстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі Әлфия Кәрімова, Халықаралық байқаулардың лауреаты Мейір Бәйнеш, сондай-ақ, «Астана Опера» театрының хоры, балеті, оркестрі қатысады. Дирижерлық тізгінде – Константин Хватынец (Мәскеу). Кеш бағдарламасында «Vivat» шоу балеті мен Алексей Велижанинның шоу балеті өнер көрсетеді.

Ал, 5 маусымда «Астана Опера» Камералық залында «Классикалық музыка кеші» атты концерті ұйымдастырылмақ. Оған  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Темір Орманшеев (фортепиано), ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Гүлзат Дәуірбаева (сопрано), ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыргөзов (баритон), Халықаралық байқаулардың лауреаты Арман Тілеубергенов қатысады.

Қайырымдылық жобасы болғандықтан, билеттер жыл сайын тегін таратылады. Фестиваль ұйымдастырушыларының мақсаты – әлеуметтік жағдайы әртүрлі жұртшылықтың әлем жауһарларынан сусындауына мүмкіндік беру.

Хабарламаларға жазылу