Бүгін Астанада дәстүрлі әнші Телман Нұртайұлының шығармашылық кеші өтеді. Осыған орай әнші «Таңшолпанда» қонақта болды.
«Бұл кеште бұрын айтылмай жүрген Балуан Шолақтың, Естайдың әндері, халық әндер шырқалмақ. Кешке Жоламан Құжиманов, Ерлан Рысқали және басқа да әншілер қатысады».
«Біздің Астана мемлекеттік филармониясында қазақ әндері деген бөлім бар. Бөлімнің мақсаты – кейінгі ұрпаққа қазақ әндерін насихаттау. Бүгінде осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз»,-дейді әнші.
Қайрат Байбосыновтың тәлімін алған Телман Нұртайұлының бүгінде өз шәкірттері бар. «Білгенімді үйретіп жүрген жастар бар. Олардың бірі – Жанат Айтбаев Қызылжардың филармониясында ән салады».
Әншінің орындауындағы Балуан Шолақтың «Ғалия» әнін тыңдағыңыз келсе, «Таңшолпанды» көріңіз.