Басты Жаңалықтар Мамандар мемлекеттік қызметке онлайн түрде ғана қабылданады

Мамандар мемлекеттік қызметке онлайн түрде ғана қабылданады

Келесі жылдан бастап мамандар мемлекеттік қызметке онлайн түрде ғана қабылданады. Жасанды интеллект жүйесі кадр даярлау ісіне де енгізіліп жатыр. Замануи технологиялар қызметкерлердің қабілеттерін бағалау және оқыту бағдарламаларын бейімдеу сияқты міндеттерді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Бұл міндет Жолдауда айтылған басты бастамалармен үндес. Осы және басқа да өзгерістер туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері айтты. Нәтижесінде басқару тиімділігі артып, мамандарды дайындау сапасы жақсармақ.

Дархан Жазықбай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:

Бұл біздің цифрландырудағы алғашқы жүргізіп отқан қадамдарымыздың бірі. Себебі біздің алдымызда көптеген әлде де мақсаттарымыз бар, жұмыстарымыз бар. Бұл жерде біз қазіргі осы е-қызметке мемлекеттік қызметшілердің біліктілігіне, біліміне қарай жасақтау бойынша ЖИ-ді кіргізіп жатырмыз.

Бөлісу