Басты Жаңалықтар Жол апаты: Қостанайда жыл басынан бері 50 адам көз жұмды

Жол апаты: Қостанайда жыл басынан бері 50 адам көз жұмды

 Қостанай облысында жыл басынан бері жол апатынан 50 адам көз жұмды. Былтырғы көрсеткіш 38 пайызға өскен. Осылайша аймақ ел бойынша антирейтингті бастап тұр. Оқыс жағдай көбіне жол трассаларында болған. Ал оның себебі көлік жүргізушілілерінің жол ережесін өрескел бұзуы. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы да халыққа Жолдауында тоқталған еді.

Олеся Бабич, облыстық Полиция қызметі басқармасының аға инспекторы:

Барлық оқиғалардың 95%-дан астамы жүргізушілердің кінәсінен. Бірі асығып, бірі шаршаған күйде рөлге отырады, енді бірі мас күйінде көлік тізгіндейді. Тек осы жылдың өзінде полиция 166 663 жол ережесін бұзу фактісін тіркеді. Мыңнан астам жүргізуші мас күйінде ұсталды. Олардың 963-і қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылды.


 


 


Бөлісу