Мемлекет құрушы ел ретінде қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктеліп отыр.
Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
«Қазақтар жаңа Қазақстанның болмысын қалыптастыруда барша этностарды ұйыстырушы рөлге ие. Жүзеге асырылып отырған бұл саясатты қазақтың ұлттық сипатын сақтап, дамытудың, еліміздің қазақы болмысын нығайтудың басты факторы деп санау керек», - деді Елбасы.