Қазақ жеріне ислам қалай келді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ жеріне ислам қалай келді?

20.02.2015
Қазақ жеріне ислам қалай келді?

Қазақстанның тарихы мен мәдениеті көп ғасырлар бойы ислам дінімен байланыса дамып келеді. Ислам діні қазақ халқының өзіндік руханияты мен мәдениетінің қалыптасуындағы негізгі қайнарлардың бірі.

Орталық Азия мен Қазақстанға исламның енуі VII-VIII ғасырларға жатқызылады. Алғашқы араб-дін таратушылары 670 жылдардан бастап келе бастаған. VIII ғасырдың басында Орталық Азияда миссионерлік қозғалыстың жандануы байқалды.

Қазіргі уақыттағы Қазақстан жеріне исламның таралуы бірнеше ғасырларға созылды. Бастапқыда жаңа дін оңтүстік өңірлерге енді. X ғасырдың аяғына қарай исдам діні Жетісу мен Сырдариядағы отырықшы халықтың басты дініне айналды.

Қазақ тарихындағы ислам туралы толығырақ бүгін 19.10-да «Иман айнасы» хабарынан біле аласыздар.  

Хабарламаларға жазылу