«Түнгі студияда» - Ислам Байрамуков - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түнгі студияда» - Ислам Байрамуков

17.05.2014
«Түнгі студияда» - Ислам Байрамуков
Қазақстанның еркін күрес шебері Ислам Байрамуков алғаш күреске қалай келгенін былайша еске алады: «Ауылда өскен соң белгілі ғой. Жұрттың баласымен жұлысасың, күресесің. Негізі күреске деген қызығушылық сол кезден басталған. Кішкентай кезімнен күреске баулыған көршім Серік Нұғманбетов деген азамат болды. Ол кісі маған күрестің түрлі әдістерін үйретті».
 
Ислам Байрамуков 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері. Екі дүркін Азия Кубогының иегері, Азия чемпионы, екі мәрте Шығыс Азия ойындарының чемпионы, бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы.
 
Қазақ, қарашай, орыс тілдерінде еркін сөйлейтін спорт шебері әзілдің «тілін» түсіне ме екен? Бүгін 23.10-да «Түнгі студиядан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу