Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде Студенттік баспасөз орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде Студенттік баспасөз орталығы ашылды

16.02.2015
Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде Студенттік баспасөз орталығы ашылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының жанынан құрылған Студенттік баспасөз орталығы жұмысын бастады.

Алғашқы басқосуда құттықтау сөз сөйлеген журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы Орталықтың ҚазҰУ студенттері мен БАҚ өкілдерінің арасындағы алтын көпір болатындығына сенім білдірді.

Баспасөз орталығында апта сайын қоғам қайраткерлерімен, ақын-жазушылармен, БАҚ өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, кәсіби мамандардың шеберлік сыныптары өткізілетін болады.

Университет бойынша жазуға бейімі бар дарынды студенттер қауымын бір ортаға шоғырландыруды мақсат еткен Студенттік баспасөз қызметінің басты қызметі – ақпарат жинап, өңдеп, тарату, университеттің имиджін қалыптастыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар дайындап, жариялау.

Сәуле МАҚҰЛБЕКОВА

Хабарламаларға жазылу