ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде Ербол Шәймерденов атындағы аудитория ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде Ербол Шәймерденов атындағы аудитория ашылды

28.05.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде Ербол Шәймерденов атындағы аудитория ашылды. Салтанатты шараға елімізге белгілі қаламгерлер қатысты.

Ербол Шәймерденұлы - журналистика саласында өшпес із қалдырған тұлға. Әсіресе, ұлттық геральдиканы қалыптастыруға үлес қосып, еліміздің мемлекеттік рәміздері туралы бірнеше еңбек жазған. Саналы ғұмырын қазақ баспасөзі мен мәдениетінің, тілінің дамып, өркен жаюына арнаған қоғам қайраткері.

Жаңа оқу залы қазіргі заманғы медиа-құралдармен жабдықталған. Сондықтан аудиторияға студенттерге дәрістер соңғы технологиямен оқытылады. Дәрісхананың қабырғасына жазушының өмірі жайлы суреттер мен құжаттар ілінген.

Сарбас Ақтаев, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі:

- Ербол - қазақ журналистикасында жарқ етіп көрініп, жалт етіп жоқ болған бір жұлдыз сияқты қаламгер. Оның артында үлкен еңбегі қалды. Жеті томдық шығармалар жинағы. Оның ішінде очерктері, эсселері, өлеңдері бар.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу