ҚазҰУ-да «Egemen Qazaqstan» газетінің оқу-шығармашылық зертханасы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚазҰУ-да «Egemen Qazaqstan» газетінің оқу-шығармашылық зертханасы ашылды

30.10.2019

Алматыдағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде «Egemen Qazaqstan» оқу-шығармашылық зертханасы ашылды.

Салтанатты шара еліміздің бас газеті саналатын басылымның 100 жылдығы аясында өтті. Алқалы жиынға қара шаңырақтан шыққан дарынды журналистер мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Олар болашақ мамандарды даярлау ісінде бұл газеттің орны ерекше екеннін атап өтті. Шара барысында «Ұшқыннан «Егемен Қазақстанға» атты оқу құралының таныстырылымы өтті. 

Гүлмира Серікбайқызы, әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ Журналистика факультетінің оқытушысы:

Әрине, бұл - біздің еліміздің ең басты саяси басылымы. Ата басылым «Egemen Qazaqstan»-ның 100 жылдығы аясындағы үлкен меморандумға қол қойылады. Екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетіп жалғастыру қарастырылған.

Алмат Әбдіраман

Хабарламаларға жазылу