«Берлинале» кинофестивалінің марапаттау рәсімі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Берлинале» кинофестивалінің марапаттау рәсімі өтеді

14.02.2015
«Берлинале» кинофестивалінің марапаттау рәсімі өтеді

Берлин халықаралық кинофестивалі - «Берлинале» 1951 жылдан бері жыл сайын Берлинде өткізіліп келеді.

Негізгі жүлде «Алтын аю» - Берлин қаласының символы. 

«Күміс аю» үздік режиссер, үздік оператор, үздік актер, үздік әйел актер, үздік музыка және өнер саласындағы көрнекті жетістіктері үшін деген 6 аталымда беріледі.

Кинофестивальде бұған дейін  шведтік режиссер Ингмар Бергман,  италиялық сценарист Микеланджело Антониони,  киносыншы Жан-Люк Годар,  француз режиссері Клод Шаброльдің туындылары үздік атанған.

Қазақ кинематографиясы тарихында тұңғыш рет Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы шығарған Эмир Байғазиннің «Уроки гармонии» («Үндестік сабағы») атты  туындысы аталған фестивальдің негізгі байқауына іріктеліп алынған.

Фильм 63-ші кинофестивалде үздік операторлық жұмыс үшін «Күміс аю» жүлдесіне ие болды.

Бүгін халықаралық фестивальдің кезекті марапаттау рәсімі өтеді.

Хабарламаларға жазылу