Ертең Астанада жылдың үздік ауыр атлетін марапаттау рәсімі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең Астанада жылдың үздік ауыр атлетін марапаттау рәсімі өтеді

23.04.2015
Ертең Астанада жылдың үздік ауыр атлетін марапаттау рәсімі өтеді

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы дүние жүзінің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлердің интернет дауыс беруі арқылы 2014 жылдың үздік ауыр атлетшісін анықтады. Дауыс беру барысында әлемнің 46 елінен 2000-ға жуық дауыс тіркелді.

Салтанатты марапаттау рәсіміне ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) президенті Томаш Аян және IWF бірінші вице-президенті Нику Влад қатысады.

Марапаттау рәсімі Астана қ. Тәуелсіздік даңғылы 54, ҚР Ұлттық музейінде өтеді.

Хабарламаларға жазылу