Қолбасшылықты взвод командирлігінен бастап, рота, батальон, полк, дивизия, корпус командирлігіне дейін көтеріліп, генералдыққа жеткен, 20 жасында Кеңес одағының батыры атанған адам – Сағадат Қожахметұлы еді.
Батырға бұл атақ 1945 жылы 27 ақпанда Польша жерінде жау қорғанысын бұзып өту кезіндегі жауынгерлік тапсырманы ержүректікпен орындап, көрсеткен ерлігі үшін берілді. Қазақ ұланы соғысты Берлинде аяқтады.
Бар саналы ғұмырын туған елінің қауіпсіздігі мен қорғаныс саласын нығайтуға арнаған әскери ірі қайраткер халқының шынайы зиялысы, қадірменді ақсақалы болды. Халық қаһарманына қатысты құнды деректерді бүгін Ұлттық арнадан сағат 19.50-де «Қазаққа қымбат есім» атты деректі фильмнен көре аласыздар.