Биыл С.Нұрмағамбетов пен Р.Қошқарбаевқа - 100 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл С.Нұрмағамбетов пен Р.Қошқарбаевқа - 100 жыл

16.01.2024

Биыл Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов пен Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына жүз жыл. Қос батырдың құрметіне орай елімізде бірқатар ауқымды іс-шаралар өтпек. Бұл туралы арнайы брифингте Қорғаныс министрлігі өкілдері айтты. Елордада армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы көшеге ескерткіш қойылып, туған жері Ақкөл қаласында түрлі шаралар ұйымдастырылу жоспарланған.

Сондай-ақ, мамыр айында батырдың өмірінен сыр шертетін деректі фильм көрерменге жол тартады.

Ақмаржан Ғафизқызы


Хабарламаларға жазылу