Сағадат Нұрмағанбетов туралы деректі фильм Севастопольден жүлдемен оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сағадат Нұрмағанбетов туралы деректі фильм Севастопольден жүлдемен оралды

21.05.2016
Сағадат Нұрмағанбетов туралы деректі фильм Севастопольден жүлдемен оралды

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясы түсірген «Сағадат Нұрмағамбетов. Соңғы сұхбат» деректі фильмі деректі фильмдердің XII халықаралық кинофестивалінде үздік портреттік очерк ретінде жүлде алды.

Кинофестиваль 14-19 мамырда Севастополь қаласында өтті. Картинаны фестивальде фильмнің режиссері Сатыбалды Текеев өзі таныстырды.

Фильм Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовке арналған.

Деректі фильмдер мен телебағдарламалардың халықаралық кинофестивалі Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан елдердің ортақ жеңісін мәңгілік есте қалдыру үшін 2005 жылы Қырымда тұратын Кеңес Одағы батырларының бастамасымен құрылған болатын.

Хабарламаларға жазылу