Астанада «Жыл спортшысы-2014» сыйлығын табыстау рәсімі өтті (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Жыл спортшысы-2014» сыйлығын табыстау рәсімі өтті (ФОТО)

04.02.2015
Астанада «Жыл спортшысы-2014» сыйлығын табыстау рәсімі өтті (ФОТО)

Астана қаласындағы Ұлттық музейде «Жыл спортшысы-2014» сыйлығын табыстау рәсімі өтті.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жыл қорытындысына сәйкес, үздіктерді 10 аталым бойынша анықтады.

«Жылдың үздік спортшысы» аталымы бойынша Жасұлан Қыдырбаев, Данияр Елеусінов, Назым Қызайбай, Зарина Диас, Айбек Нұғымаров, Илья Ильин, Геннадий Головкин, Зүлфия Чиншанло, Денис Тен және  Дмитрий Баландин марапатталды.

Қазақстан бокс федерациясы, «Қайық» ескек есу спорты түрлері федерациясы, Ауыр атлетика федерациясы, Су спорты түрлері федерациясы және Ұлттық конькимен жүгірушілер федерациясы «Жылдың үздік спорттық федерациясы» ретінде танылды.

«Жылдың үздік спорттық ұйымы» аталымы бойынша  Ұлттық штаттық командалар және спорттық резерв дирекциясы, Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы, Қ.Мұңайтпасов атындағы олимпиадалық резерв республикалық мектеп-интернаты колледжі және Өскемен қаласының Олимпиадалық даярлау орталығы марапатталды.  

Сондай-ақ, жыл қорытындысы бойынша Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының Дене шынықтыру және спорт басқармалары «Үздік спорттық аймақ»  деп танылды.

Бұдан бөлек, салтанатты шара барысында «Жылдың үздік жаттықтырушысы», «Жылдың үздік меценаты», «Үздік спорттық құрылыс», «Үздік аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі», «Үздік нұсқаушы - ауылдық жердегі спорт бойынша әдіскер», «Жылдың үздік командасы» аталымдары бойынша марапаттар табысталды.

Хабарламаларға жазылу