Ғалым, публицист Намазалы Омашев 65 жасқа толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалым, публицист Намазалы Омашев 65 жасқа толды

19.01.2015
Ғалым, публицист Намазалы Омашев 65 жасқа толды

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Журналистика және саясаттану факультетінің баспасөз және баспа ісі кафедрасының меңгерушісі, журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры Намазалы Омашев 65 жасқа толды.

Филология ғылымдарының докторы, профессор, публицист Намазалы Омашев елімізде журналистика саласының қалыптасып, дамуына зор ықпал етті.

1974-1977 жылдары аралығында Қазақ радиосының бас редакторы, 1977-2010 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, проректор қызметтерін атқарды.

2010 жылдан бастап, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде қызмет істейді.

Намазалы Омашев 13 монография, 3 оқулық, 9 ғылыми-публицистикалық еңбек пен бірнеше очерктер жинағының авторы. Оның жетекшілігімен 6 докторлық, 18 кандидаттық диссертация қорғалды.

Зерделі ғалым Қазақстан журналистер одағы сыйлығының үш дүркін лауреаты. 2012 жылы отандық ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін «Еуразия жұлдызы» медалімен марапатталған.  

Хабарламаларға жазылу