«Мен – астаналықпын!» айдарында – Намазалы Омашев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мен – астаналықпын!» айдарында – Намазалы Омашев

28.09.2015
«Мен – астаналықпын!» айдарында – Намазалы Омашев

Қазақ журналистикасын ғылыми түрде зерттеп-зерделегендердің алғашқыларының қатарында Намазалы Омашев  тұр.

«Менің «Ақпарат әлемінің» екі томдығына «Журналистика мамандық па, машық па?» деген тақырыпқа жауап ретінде жазған үлкен мақалам енді. Яғни, бұл саланың мамандық екеніне көз жеткіздім. Оған тек қазақ журналистикасын зерттеп қана қоймай, орыс, Еуропа, Америка журналистикасын да қатар зерттеп барып осындай тұжырымға келдім. Яғни, журналистикаға университеттік білім қажет. Журналист болу үшін білім көкжиегі кең болуы керек, дегенді дүниежүзі қолдап отыр»,-дейді Журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры, профессор Намазалы Омашев.

Ғалым қазіргі қазақ журналистикасының әрбір қадамын қалт жібермейді, үнемі бақылап отырады. Жақсы бастамаларына сүйсініп, кемшін тұстарын ой елегінен өткізеді.

«Шоудың бәрі Америкада. Неге? Себебі, ол елдің мемлекеттік мәселелері шешіліп қойылған. Сондықтан, журналистика ол елде көбіне сауық кеші ретінде жүреді.  Ол да керек. Ал, біз ондай ел емеспіз. Біз елдік, мемлекеттік мәселелерді енді-енді қолға алып жатқан елміз.  Сондықтан, журналистиканың көңіл көтерумен кетіп қалмай, ұлттық құндылықтарды, мемлекеттік мәселелерді көбірек көтергені, соған жанашыр болғаны керек»,-дейді ғалым.

Ол 2009 жылы Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіне арнайы шақырту алып, Журналистика мәселелерін зерттеу институтын ашты. Араға бір жыл салып, еліміздегі кәсіби журналистерді дайындап келе жатқан журналистика факультетінің іргетасын қалады.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу