Еуразия Ұлттық университетінің 13 студентіне арнайы шәкіртақы тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразия Ұлттық университетінің 13 студентіне арнайы шәкіртақы тағайындалды

15.12.2017

Қаржылай көмекті белгілі меценат Оралбек Ботбай жасап отыр. Ол ата-анасынан ерте айырылған, тұрмыс-жағдайы төмен және де сырттан келіп оқитын студенттерді арнайы құрылған комиссия мүшелері арқылы іріктеп алыпты. Әр қыз-жігітке 100-200 мың теңгенің көлемінде шәкіртақы берілді. Мұндай қайырымдылық шара Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті. «Құрмет» орденінің иегері Оралбек Ботбайдың мақсаты - еліміздің кәсіпкерлеріне үлгі бола отырып, көмекке мұқтаж жастарды қолдау. 

Намазалы Омашев, белгілі журналист-публицист:

- Оралбек Ботбай белгілі меценат. Ол өзінің туған жеріне, кішкентай ауылына қолқабыс тигізіп жүргенін ылғи еститінбіз. Басқа да мәдениет, білім саласына әртүрлі қайырымдылығын жасап жүретін еді. Қазіргі жасап жүргенін ерекше атап өтуге болады.

Хабарламаларға жазылу