Амстердам қаласында микробтар мұражайы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Амстердам қаласында микробтар мұражайы ашылды

13.01.2015
Амстердам қаласында микробтар мұражайы ашылды

«Нидерланд астанасы Амстердам қаласында жаңажылдық мерекеде әлемдегі алғашқы микробтар мұражайы ашылды. Мұражай жәдігерлері көзге оңай көрінбейтін микроағзалардан тұрады», деп жазады Mignews.

Вирустар мен бактериялар арнайы түтіктерде тіршілік етеді, оларды микроскоп арқылы ғана көруге болады. Бұдан басқа, кез келген келуші арнайы аппараттың көмегімен ағзадағы микробтардың санын біле алады.

Мұражайда жерде тіршілік ететін микрофлораның үштен бірі бар. Мамандар «экспонаттарды» салуға және орнатуға 10 миллионнан астам еуро жұмсалғанын айтты. Мұражай бірнеше залдан тұрады.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу