Білім тарихы мұражайы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Білім тарихы мұражайы ашылды

26.09.2014
Білім тарихы мұражайы ашылды

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Білім тарихы мұражайын ашудағы негізгі мақсат - мәдени құндылықтарды көпшілікке насихаттау арқылы өткен тарихқа оң көзқарас қалыптастыру.

Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтың айтуынша, осындай инновациялық мұражай кешенін құру арқылы мәдени құндылықтарды сақтап қалуға болады.

Елімізде тұңғыш ашылған бұл музейде сюжеттік, жазба, көрнекі құрал-жабдықтар мен тарихи жәдігерлер молынан қойылған. Білім тарихы мұражайы «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын насихаттаудың ерекше үлгісі.

Руслан ЖЫЛҚЫБАЙ

 

Хабарламаларға жазылу