Мектепте даңқ мұражайы ашылды

10.05.2014
Мектепте даңқ мұражайы ашылды
Қарағандыдағы №15 орта мектепте екінші дүниежүзілік соғыс тарихына арналған мұражай ашылды. Даңқ залына мағлұматтар мен жәдігерлерді жинауды білім ошағының ұжымы осыдан 30 жыл бұрын қолға алған. Бүгінде сөрелері құнды дүниелерге толып, шағын мұражайға айналған. Оның ашылу салтанатына ардагерлер шақырылды. Мұнда барлығы 150-дей жәдігер бар болса, солардың кейбірі тіпті облыстық өлкетану мұражайында жоқ. Майдан хаттары, әскери марапаттар, қару мен неміс оғы тескен каска және фотосуреттер бәрі-бәрі көрермен назарына ұсынылды.
 
Наталья Котельникова, № 15 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Мұражай қорын толтыру барысында біздер екінші дүниежүзілік соғыс тарихына сүйеніп жұмыс істедік. Айта кету керек ардагерлер бізге үлкен қолдау жасап, өздері біраз құнды жәдігерлерді тапсырды. Ұстаздар мен оқушылардың сіңірген еңбегі орасан зор.
 
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
 
 
 
 

Хабарламаларға жазылу