Лос-Анджелесте «Алтын шар» жүлдесін табыстау салтанаты өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лос-Анджелесте «Алтын шар» жүлдесін табыстау салтанаты өтті

07.01.2019

Лос-Анджелесте «Алтын глобус» жүлдесімен марапаттау салтанаты өтті. Бұл оқиғаны кейде «Оскар» сыйлығын табыстау алдындағы бас репетиция деп те атайды.

«Богем рапсодиясы» картинасы ең үздік ер адам рөлі және ең үздік драмалық фильм номинациялары бойынша екі «Алтын глобусты» жеңіп алды. Ал, Леди Гагаға құнды жүлде  «Шаллоу» композициясы үшін берілген. Мексикалық режиссер Альфонсо Куаронның «Рома» деген картинасы шет тіліндегі ең үздік фильм атанды. Сонымен қатар, бұл марапат «Билік», «Әйел», «Оққағар» фильмдеріне де бұйырды. Айта кетсек, «Алтын глобус» жүлдесімен марапаттау салтанаты осымен 76-шы рет өтіп отыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу