Лос-Анджелесте «Алтын глобус» иегерлері анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лос-Анджелесте «Алтын глобус» иегерлері анықталды

08.01.2018

Лос-Анджелесте 75-ші «Алтын глобус» киножүлдесінің иегерлері мәлім болды. Ең үздік драма ретінде «Миссуридің Эббинг шекарасындағы үш билборд» картинасы танылды. Сонымен бірге, режиссер Мартин Макдонахтың бұл туындысы ең озық сценарий, ең үздік әйел және екінші пландағы ер адам рөлі үшін де «Алтын глобусты» иеленген. Жеңімпаз фильм қызының өліміне қатысты тергеудің басталуын талап еткен жалғызбасты ана жайында. Ал, Гэри Олдмен «Қараңғыда» картинасында  Уинстон Черчиллдің рөлін шебер сомдағаны үшін ең үздік драма актері атанды. Ал, «Ең үздік режиссер» номинациясы бойынша бас жүлдені «Су пішіні» фильмі үшін Гильермо дель Торо иеленді. «Қызметші әйелдің әңгімелері» болса «Ең үздік драматикалық сериал» номинациясы бойынша «Алтын глобусты» ұтты. Ал, «Шет тіліндегі озық фильм» категориясы бойынша Германия мен Францияға ортақ «Шекте» картинасы алға шықты.  

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу