«Алғаш рет «Гүлдер» ансамбліне келген кезде ағамыз Ибрагим Иса «Гүлдер» атты әннің сөзін жазып берген еді. Осыдан кейін біздің шығармашылық байланысымыз беки түсті.
Менің орындауымдағы «Отандастар», «Пысық жеңгелер-ай», «Өткен күндер», «Жаңа күн» сияқты әндердің сөзін ағамыз жазған», - дейді Роза Рымбаева.
Әнші шығармашылығындағы жаңалықтармен бөлісіп, көрермендер сауалына жауап берді.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.