Семейде сазгер Қадырғали Көбентайдың шығармашылық кеші өтпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде сазгер Қадырғали Көбентайдың шығармашылық кеші өтпек

26.09.2014
Семейде сазгер Қадырғали Көбентайдың шығармашылық кеші өтпек

1 қазан күні Семейде сазгер, бард әнші, ҚР Мәдениет қайраткері Қадырғали Көбентай мен шәкірті,  Мәдениет саласының үздігі  Ершат Қайырханның «Жоғалтып алма, сен мені..» атты шығармашылық кеші өтпек.

Қадырғали Көбентай - қазіргі қазақ сахнасында шырқалып жүрген бірнеше әннің авторы.

Сазгер Ибрагим Исаның «Елге сәлем», Есенқұл Жақыпбековтің «Өнер адамы», Ақұштап Бақтыгерееваның «Сенгім келмейді», Ақмаржан Таубаеваның «Жалбыр мұң» атты өлеңдеріне ән жазды.

Кеште Ершат Қайырханның орындауында  Әлішер Ботбаевтың сөзіне жазылған Қалдыбек Құрманәлінің «Сәлеметсіз бе?», Зеберше Оспанованың «Қаракөз сүйгенім» әндері шырқалмақ.

Кеш қалалық Мәдениет сарайында өтеді.  

Хабарламаларға жазылу