Алматыда Ибрагим Исаевтың шығармашылық кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Ибрагим Исаевтың шығармашылық кеші өтті

20.12.2014
Алматыда Ибрагим Исаевтың шығармашылық кеші өтті

Бүгін Алматыдағы Студенттер сарайында белгілі ақын Ибрагим Исаевтың 65 жасқа толуына орай «Күздің де өз сәні бар» атты шығармашылық кеші өтті. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, көптеген әндерге мәтін жазған Ибрагим Исаев 1949 жылы 7 қаңтарда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Жетікөл ауылында туған. Ақынның әр жылдары жарық көрген «Алтын сырға», «Таң алдындағы ән», «Тербеледі қайыңдар», «Жанымның жарығы» аталатын өлеңдер мен балладалар жинағы бүгінгі ұрпақтың іздеп жүріп оқитын кітаптарының қатарында.

Кеште Мақсат Базарбаев, Роза Рымбаева және Гүлмира Ақүрпекова сынды әншілер ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындап, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу