«Тұлпар-Тальго» пойызы Астанадан Қызылордаға алғашқы жолаушыларды жеткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тұлпар-Тальго» пойызы Астанадан Қызылордаға алғашқы жолаушыларды жеткізді

31.12.2014
«Тұлпар-Тальго» пойызы Астанадан Қызылордаға алғашқы жолаушыларды жеткізді

29 желтоқсан күні Астана қаласынан шыққан пойыз келесі күні 22 сағат 25 минутта Қызылорда қаласына келді. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған сырбойлылықтар жүрдек пойыздың алғашқы жолаушыларын үлкен қошеметпен қарсы алды,деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

«Елбасы көлік инфрақұрылымына аса үлкен мән беріп отыр. «Жезқазған - Сексеуіл» теміржолы, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің салынуы осы сөзіміздің дәлелі. Бүгін Астанадан Қызылордаға алғаш рет келіп жатқан жүрдек пойыз жолаушылардың 12 сағатын үнемдеуге мүмкіндік беріп отыр», - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

23 вагоннан тұратын пойыз 4 күнде 1 рет қатынайды.  Алдағы уақытта күнара жүреді. Оның ішінде 2 «Бизнес», 2 «Гранд», 14 «Турист», 2 ресторан және 3 техникалық вагон бар. Пойыз Қарағанды, Сарышаған, Шу, Жамбыл, Шымкент, Арыс-2, Түркістан станцияларына аялдайды.

Билетті ерте сатып алғандарға және тұрақты жолаушыларға жеңілдіктер қарастырылған. Елорда төрінен бір күнде жеткен жолаушылар пойызда барлық жағдай жасалғанын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Хабарламаларға жазылу