Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді деп күтілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді деп күтілуде

29.12.2014
Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді деп күтілуде

Қазақстан аумағының басым бөлігі жоғары қысым ықпалында болады. Ауа райы жауын-шашынсыз, температура төмендейді. Тек шығыс пен батыста фронтальдық ағындардың өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыздығы сақталады, қалың қар жауып, тұман түседі  деп күтілуде, көктайғақ орын алып, бұрқасындатып, жел күшеймек.

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 күшейіп, екпіні 25-28 м/с-қа жетеді. Күндіз жер-жерлерде жел 15-20 м/с-қа жетіп, кейбір аудандарда боран соғып, көктайғақ болады.

Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей аймақтарында тұман түсіп, жел 15-20 м/с-қа жетеді, Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең боран болады.

Қызылорда облысында, Ақтөбе облысында күндіз кейбір өңірлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді.

Павлодар, Ақмола облыстарында түнде және таңертең жер-жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейіп, арты боранға ұласады. Ақмола облысының кей аймақтарында тұман болады.

Қарағанды облысында түнде кей аудандарда тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады.

Атырау, Батыс Қазақстан облысында түнгі уақыттарда кей өңірлерінде көктайғақ болып, жел 15-20 м/с-қа жетеді.

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 20-25 м/с-қа күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында жер-жерлерде тұман түседі деп күтілуде.

Хабарламаларға жазылу