Алдағы күндері ауа температурасы 9 градусқа дейін төмендейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы күндері ауа температурасы 9 градусқа дейін төмендейді

22.09.2021

Алдағы күндері ауа температурасы 9 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Бұл туралы Қазгидромеn хабар таратты. Синоптиктерің болжамы бойынша қыркүйектің 23-і мен 25-і аралығында күн күрт суытады. Мамандар бұған Атлантикалық антициклонның шығысқа қарай баяу жылжуы себеп болатынын мәлімдеді.

Еліміздің басым бөлігінде салқын ауа райы сақталады. Солтүстік және шығыс өңірлерде ауа температурасы төмендейді. Бірақ жауын-шашын болмайды. Ал түнде орталық және солтүстік пен шығыс өңірлерде термометр бағаны 1-ден 9 градусқа дейін төмендейді. Батыс аймақтарда жел күшейеді. 

Хабарламаларға жазылу