Екібастұз қаласында мемлекеттік қызметшілер марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұз қаласында мемлекеттік қызметшілер марапатталды

27.12.2014
Екібастұз қаласында мемлекеттік қызметшілер марапатталды

Жазғы, ұлттық және халықтық спорт түрлері бойынша өткен спартакиада қорытындысына сәйкес, бірінші орынға «Әлеуметтік сала» командасы ие болды.

 Бұл топтың құрамында Екібастұз қалалық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы басшысының орынбасары Батырбек Әлиев спорттық шеберлігін көрсеткен.

Жеңімпаздарды Екібастұз қаласы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Зейнеп Нұркенова құттықтап, арнайы диплом мен Кубок табыстады.

«Шараның мақсаты - салауатты және белсенді өмір салтын насихаттау, қызметкерлерді патриоттық және рухани-адамгершілікке тәрбиелеу»,  дейді басқарманың бас маманы С. Асылханова.

 

pavlodarnews.kz

 

 

 

Хабарламаларға жазылу