Қызғанышты тізгіндеу мүмкін бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызғанышты тізгіндеу мүмкін бе?

23.12.2014
Қызғанышты тізгіндеу мүмкін бе?

Жалпы, қызғаныш – адамның басқа тұлғаның әрекетіне, мүлкіне, көзқарасына қайшылық сезімінің басым болуы, қабілет-қарым, жетістік, тіпті бақытын көре алмауы, деп түсіндіріледі психологтар.

Мансап, әлеуметтік жағдай, отбасылық бақыт, баланың жетістіктері. Көп жағдайда осы мәселелер бойынша әйелдер арасында ішкі бәсеке, тартыс болып жатады. Біреуі қызығады, біреуі қызғанады.

Қызығу мен қызғаныштың аражігін ажырата алмай жататындар баршылық. Мұның залалы өзімен қатар, өзгелерге де тиетінін бағамдай бермейтіндер де бар. Сол қызғанышты тізгіндеуге бола ма?  Бүгін 15.05-те «Әйел бақыты» ток-шоуын көріңіз.  

Хабарламаларға жазылу