Мерекеге орай қосымша жолаушылар пойыздары жолға шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мерекеге орай қосымша жолаушылар пойыздары жолға шығады

19.12.2014
Мерекеге орай қосымша жолаушылар пойыздары жолға шығады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ қысқы мерекелер қарсаңында бірреттік қосымша жолаушылар пойыздарының тағайындалатыны туралы хабарлайды.

-  №61/62 Алматы-2 - Арыс-1, Алматы-2 мен Арыстан үстіміздегі жылдың 26, 30 желтоқсанында жүреді;

-  №151/152 Алматы-Көкшетау, Алматы-2 станциясынан 27 желтоқсанда, Көкшетаудан 29 желтоқсанда аттанады;

-  №153/154 Астана-Қостанай, Астанадан 29 желтоқсанда, Қостанайдан 30 желтоқсанда аттанады;

-  №156/155 Астана-Арыс, Астанадан 29 желтоқсанда, Арыстан 30 желтоқсанда аттанады;

-  №501/502 Маңғыстау-Бейнеу, Маңғыстаутан 27, 29 желтоқсанда, Бейнеуден 28, 30 желтоқсанда жүреді.

Осы күндері сондай-ақ халықаралық жолаушылар пойыздарының қозғалысы бекітіледі:

-  №325/326 Новосібір-Алматы, Новосібірден 27, 29 желтоқсанда, 2015 жылдың 3, 5, 7 қаңтарында, Алматыдан 2014 жылғы 29, 31 желтоқсаны мен 2015 жылдың 5, 7, 9 қаңтарында 5 рейске қатынайды;

-  №371/372 Новокузнецк-Қарағанды, Новокузнецктен 2014 жылғы 26, 30 желтоқсаны мен 2015 жылғы 4, 8 қаңтарында, Қарағандыдан 28 желтоқсаны мен 2015 жылдың 1, 6, 10 қаңтарында 4 рейске жүреді.

Хабарламаларға жазылу