Елордалық пойыздар жаңа кестемен жүреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық пойыздар жаңа кестемен жүреді

27.10.2014
Елордалық пойыздар жаңа кестемен жүреді

Еліміздің барлық бағытында қатынайтын елордалық жолаушылар пойыздары қысқы кестеге ауысты. Қала маңындағы екі бағыттық пойыздың жүру жиілігі артты.

Енді Астана-Қарағанды бағытындағы пойыз бұрынғыдай күніне екі рет емес, үш рет, ал Бурабай курорты бағытындағы пойыз күніне екі рет жүретін болады.

Сондай-ақ, бүгіннен бастап жаңадан «Астана-Защита» және «Астана-Қызылорда» бағыттары ашылды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлады.

Сонымен қатар, «Тұлпар-Тальго» пойыздарымен жол жүруді жайлы ету мақсатында қазан айында жеңілдіктер енгізілді. 

Хабарламаларға жазылу