Жамбыл облысында пойыздар қозғалысын үйлестіру бойынша штаб құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында пойыздар қозғалысын үйлестіру бойынша штаб құрылды

15.12.2023

Оңтүстікте қарлы боран, үскірік аяз әлі басылған жоқ. Әсіресе Жамбыл облысында жағдай күрделі. Үш күннен бері секундына 50 метр болатын жел әбігерге салуда. Аяздың салдарынан өңірде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Осыған орай Қазақстан темір жолы облыстағы Қордай және Шу аудандарында Пойыздар қозғалысын үйлестіру бойынша жедел штаб құрды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты пойыздардың қозғалыс жылдамдығына шектеу қою туралы шешім қабылданды. Осы бағытта жүретін жүк пойыздары уақытша тоқтатылды. Жолаушылар пойыздарын өткізуге басымдық беріледі. Жолаушылар пойыздарының қозғалысында қиындықтар бар. Өз күшімен темір жолдарды тазарту жұмыстары жүргізілуде, 150-ден астам адам жұмылдырылды.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу