Әйгілі боксшы кіші Рой Джонс енді шаршы алаңға қазақтың шапанын киіп шықпақ. Бұл туралы ол Ғалым Жарылқаповты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнирдің баспасөз-конференциясында мәлімдеді.
Айта кетейік, Қазақстанға келгеннен бері бокшысыға үш шапан сыйға тартылған.
«Барлығын өзіме қалдырамын. Мүмкін келесіде рингке шыққанда киіп шығармын», - дейді боксшы.
Сондай-ақ, Рой Джонс Қазақстан туралы ән жазбақ.