Рой Джонс пен Олег Маскаев Астанаға келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рой Джонс пен Олег Маскаев Астанаға келеді

15.12.2014
Рой Джонс пен Олег Маскаев Астанаға келеді

«16 желтоқсанда, ҚР Тәуелсiздiгi күнiнде Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы кәсiпқой бокстан Әлем чемпионы кiшi Рой Джонс және Олег Маскаевпен кездеседi», - делiнген хабарламада.

Бұған дейін хабарланғанындай, боксшылар Қарағандыда өтетін Ғалым Жарылғапов атындағы XXXI Халықаралық бокс турнирiне қонағы болмақ.

Айта кетейiк, Олег Маскаев Қазақстан тумасы, 2006-2008 жылдардағы WBC чемпионы. Рой Джонс бiрнеше салмақ дәрежесiнде және барлық нұсқалар бойынша Әлем чемпионы атанған.

Хабарламаларға жазылу