Қызылорда облысында Әбдіжәміл Нұрпейісовтің әдебиет үйі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында Әбдіжәміл Нұрпейісовтің әдебиет үйі ашылды

14.12.2014
Қызылорда облысында Әбдіжәміл Нұрпейісовтің әдебиет үйі ашылды

Арал ауданында халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовтің әдебиет үйі ашылды. Классик жазушы туған жеріндегі әдебиет үйінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев және Сыр өңірінің қаламгерлерімен кездесті.

Әдебиет үйінде Ә.Нұрпейісовтің бүкіл еңбектері қойылып, естелік суреттері қабырғаға ілінген. Жалпы, заманауи талапқа сай салынған ғимаратта шығармашылықпен айналысуға бар жағдай жасалған.

Жазушы өзіне жасаған құрметке ризашылығын жеткізді. Кездесу барысында Сыр қаламгерлеріне шығармашылық табыс тіледі.

Хабарламаларға жазылу