«Дудар-ай» әнінің тарихы қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дудар-ай» әнінің тарихы қандай?

14.12.2014
«Дудар-ай» әнінің тарихы қандай?

Қазақтың халық әндерімен пара-пар келетін «Дудар-ай» әнін естімеген жан кемде кем шығар. Әннің шығу тарихына терең үңілмесе де, алдыңғы әуенін естіген бойда кімнің болсын, ыңылдай кететіні хақ. Бұл әннің авторы – Мариям Жагорқызы есімді орыс қызы.

Ол – қазақ жеріне көш аударған қарапайым шаруаның қызы. Мария Ақмола облысында өскендіктен қазақ тілін жетік меңгерген, домбыра тартуды да білген екен.

Мариям Дудар (кейбір деректерде Дүйсен деп айтылады) есімді қазақ жігітін құлай сүйіп, ғашықтық ғаламатынан әсем әнді дүниеге әкелген. Ән жарыққа шыққан бойда кеңінен тарап кетті.

Көбі ән авторын білмегендіктен, оны халық әндерінің қатарына қосып жіберген. Кейін музыка зерттеушілері А.Затаевич пен Б.Ерзакович әнді тереңірек зерттеп, шығу тарихын анықтаған.

Бүгін 16.35-те «Ғасырлар үні» осы әннің тарихына, орындаушыларына тоқталмақ.

Хабарламаларға жазылу