Қазақстандық әнші Жанар Дұғалова «Жас тұлпар» сыйлығын иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық әнші Жанар Дұғалова «Жас тұлпар» сыйлығын иеленді

10.12.2014
Қазақстандық әнші Жанар Дұғалова «Жас тұлпар» сыйлығын иеленді

Бүгін Астанада ҚР Тәуелсіздікі күніне және «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жас тұлпар» сыйлығын салтанатты табыстау кеші өтті. Мақсат – еліміздің талантты жастарына қолдау көрсету, деп хабарлайды nurotan.kz.

7 аталым бойынша берілген сыйлықты «Turkvizyon 2014» халықаралық байқауының жеңімпазы, қазақстандық жас әнші Жанар Дұғалова да («Мәдениет пен өнер саласындағы жетістігі үшін» аталымында) иеленді.

«Жас таланттарды ынталандыратын бұл сыйлыққа ризамын. Мен үшін бұдан асқан бақыт жоқ», - дейді әнші. Сондай-ақ, ол барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

 

Сурет: nurotan.kz

Хабарламаларға жазылу