Жанар Дұғалова «Turkvizyon-2014» байқауында жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жанар Дұғалова «Turkvizyon-2014» байқауында жеңіске жетті

22.11.2014
Жанар Дұғалова «Turkvizyon-2014» байқауында жеңіске жетті

Халықаралық «Turkvizyon-2014» байқауында Қазақстан атынан қатысқан әнші Жанар Дұғалова 225 балл жинап, жеңіске жетті.

Айта кетейік, «Turkvizyon-2014» ІІ халықаралық телевизиялық ән байқауының финалы Қазан қаласында өтті. Финалда 15 үміткер бақ сынады.

Ол «Ізін көрем» композициясымен финалда үшінші болып шықты.

2015 жылы байқау Түрікменстанда, Мары қаласында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хабарламаларға жазылу