«Turkvizyon-2014» конкурсында ел намысын Жанар Дұғалова қорғайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Turkvizyon-2014» конкурсында ел намысын Жанар Дұғалова қорғайды

27.10.2014
«Turkvizyon-2014» конкурсында ел намысын Жанар Дұғалова қорғайды

«Turkvizyon-2014» байқауында ел намысын әнші Жанар Дұғалова қорғайды. Ол қазақстандық әншілер арасында финалдық іріктеу кезінде анықталды.

Байқау – 19-21 қарашада Татарстанның Қазан қаласында өтеді.

Іріктеу сынында 16 әнші бақтарын сынады. Барлық әншілер өнерін көрсеткеннен кейін 1 сағат смс дауыс беру арқылы жүрді. Қазақстандықтардың берген дауысы және ұпай сандарымен үздік болған бестіктің ішінде Жанар Дұғаловамен қатар, Нұржан Керменбаев, Серік Ибрагимов, «Алашұлы» тобы, Дастан Оразбеков және «ТТ» тобы да бар.

Сурет: comode.kz

Айта кетейік, қазылар алқасының құрамында композитор және продюсер Ринат Ғайсин, айтыскер Айнұр Тұрсынбаева, Астана қаласының Мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов, әнші Алтынай Жорабаева мен композитор Арман Дүйсенов болды.

Хабарламаларға жазылу