ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл комитеті мен Қазақстанның орыс қауымының бірлесе ұйымдастыруымен өткен «Тіл – парасат» республикалық байқауында алматылық Айша (Ольга) Сергеевна І орынды жеңіп алды.
Ол - Алматы университеті тарих факультетінің ІІ курс студенті.
Байқау мемлекеттік тілді жетік меңгерген орыс жастары арасында осымен сегізінші рет ұйымдастырылып отыр.
Мақсат - мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тілге құрметпен қарауды қалыптастыру және тіл мәдениеті деңгейін арттыру.
Шараға 14-22 жас аралығындағы 16 үміткер қатысты.
Сәбит ШІЛДЕБАЙ, Алматы Университеті Күндізгі оқу бөлімінің деканы