Илья Ильиннің шәкірттері Әлем чемпионатында топ жарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Илья Ильиннің шәкірттері Әлем чемпионатында топ жарды

11.10.2016
Илья Ильиннің шәкірттері Әлем чемпионатында топ жарды

Дмитрий Шубаба Болгарияның Благоевград қаласында өтіп жатқан есту органдары бұзылған спортшылар арасындағы қол күресінен Әлем чемпионатында күміс медальға ие болды.

Дмитрий Шубаба жастар және юниорлар арасында қол күресінен Ұлттық команданың қоржынына әлем чемпионатының қос медалін салды.

Дмитрий сол қолмен күресте «қоланы» еншілесе, оң қолмен сайыста «күмісті» олжалады.

Сонымен қатар жастар арасында сол қолмен күресте ақмолалық спортшы Данило Борисов сегізінші, оң қолмен алтыншы орынға тұрақтап, болашағынан мол үміт күттіретінін байқатты.

Жігіттерді атақты армрестлер, халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының 13 дүркін чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы, 8 дүркін Азия жеңімпазы, көкшетаулық Илья Ильин жаттықтырады.

Дерек көзі: prosportkz.kz

Фото - arnapress.kz

Хабарламаларға жазылу