Футболдан Ұлттық студенттер лигасының финалдық кезеңінің ойындары өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Ұлттық студенттер лигасының финалдық кезеңінің ойындары өтуде

27.11.2014
Футболдан Ұлттық студенттер лигасының финалдық кезеңінің ойындары өтуде

Ойынның ашылу салтанатына ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, ҚР Футбол федерациясының вице-президенті Сейілда Байшақов қатысты.

Финал жолдамасын Астана мен Алматының сегіз  командасы сарапқа салады.

Астана қаласының намысын Қаржы полициясы академиясы (ҚПА), С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мен Назарбаев Университеті құрамалары қорғаса, Алматы атынан төрт білім ордасы - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақ Ұлттық аграрлық университеті, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогика университетінің командалары қатысуда.

Финалдық кездесу  29 қараша күні сағат 13:30-да «Астана-Арена» стадионында өтеді.

Ойыннан кейін турнирге қатысушылар мен жанкүйерлер назарына эстрада әншісі Қайрат Нұртастың қатысуымен өтетін мерекелік шоу-бағдарлама ұсынылады.

Естеріңізге салайық, Ұлттық студенттер лигасының жеңімпазы мен жүлдегерлері арнайы Кубок, медаль мен Мақтау қағаздарынан бөлек, 2014/2015 футбол маусымының басты ойындары УЕФА Чемпиондар лигасы (6 маусым, Берлин), УЕФА Еуропа лигасы (27 мамыр, Варшава), сондай-ақ, УЕФА Суперкубогы (12 тамыз, Тбилиси) кездесулерін тамашалауға мүмкіндік беретін жолдамаларды иеленеді.

Хабарламаларға жазылу