Мәжіліс Тұңғыш Президент күніне орай халықаралық конференция өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс Тұңғыш Президент күніне орай халықаралық конференция өткізеді

23.11.2014
Мәжіліс Тұңғыш Президент күніне орай халықаралық конференция өткізеді

24 қарашада Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Президент. Парламент. Интеграция» халықаралық конференциясы өтеді. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің ресми сайты хабарлады.

«Парламент Мәжілісінің бастамасы бойынша өткен конференция барысында осымен үшінші рет ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың сыртқы саяси бастамасын, Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үрдістер аясында парламенттік дипломатияны заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету және жандандыру мәселелерін талқылау жоспарлануда», - делінген хабарламада.

Форум жұмысына қазақстандық депутаттармен қатар, Ресей, Беларусь, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан паррламентарийі, халықаралық ұйымдар өкілдері, сонымен бірге экономикалық интеграция саласындағы мамандар мен сарапшылар қатысады.

Конференцияда Қазақстан Парламенті екі палатасының спикерлері - Қасым-Жомарт Тоқаев және Қабиболла Жақыпов, сондай-ақ, Ресей Федерациясы федералдық жиналысы мемлекеттік думасының төрағасы Сергей Нарышкин баяндама жасайды деп күтілуде.

Конференцияда Қазақстандағы ГФР Төтенше және өкілетті Елшісі Гидо Херцу мен БҰҰ Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Стивену Тулу де баяндама жасамақ.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова, ҚР Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеу институтының директоры Ерлан Қариннің сөз сөйлеуі жоспарланған.

Еске салсақ, 2011 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Парламенті жыл сайын 1 желтоқсанды   ҚР Тұңғыш Президент күні - мемлекеттік мерекесі етіп бекіту туралы Заң қабылдады. Осы күні 1991 жылы Н. Назарбаев алғашқы жалпы халықтық сайлауда ҚР Президенті болып  сайланған.

Хабарламаларға жазылу