Тәуелсіздік күніне орай балаларға арналған шаралар өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік күніне орай балаларға арналған шаралар өтеді

10.12.2014
Тәуелсіздік күніне орай балаларға арналған шаралар өтеді

Ертең Тәуелсіздік күніне орай, ҚР Тұңғыш Президенті музейінде Балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубы Астана қаласының Білім басқармасымен бірлесе отырып, бірқатар мерекелік іс-шаралар өткізеді.

Атап айтқанда, «Түрлі-түсті мозаика» шығармашылық фестивалі мен«Туған жерім» республикалық байқауы ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.

Айта кетейік, «Туған жерім» байқауы алғаш рет 2004 жылы өткізілген болатын. Биыл «Туған жерім» жобасына - 10 жыл. Осы жылдар ішінде байқауға еліміздің түпкір-түпкірінен дарынды балалар қатысып, дипломдармен марапатталды. Биыл байқау халықаралық мәртебеге ие болды.

Хабарламаларға жазылу