Тұңғыш Президент күніне орай концерт өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұңғыш Президент күніне орай концерт өтті

27.11.2019

Тұңғыш Президент күніне орай елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты мерекелік кеш өтті. Салтанатты шараға Нұрсұлтан Назарбаев өзі қатысып, алдымен арнайы дайындалған көрмемен танысты. Онда тәуелсіздік жылдарының жетістігін бейнелейтін сирек кездесетін фотолар мен құнды жәдігерлер қойылған. Президенттік оркестр мүшелері мен танымал опера және эстрада әншілері патриоттық тақырыптағы әндер шырқап, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады. 

Аманкелді Сейітхан 


Хабарламаларға жазылу